Пайғамбарға (с.ғ.с) сағыныш немесе намазда бөлінген көңіл
Күндердің сұлтаны - Жұма. Әдеттегідей, түскі ас уақытын пайдаланып: «Жұмаға қатысайын» - деген ниетпен мешітке қарай аяңдадым. Адамзаттың ардақтысы болған пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне сай, әрі сауаптан үміт ете қадамымды жиі басып қоямын. Сол аяңмен мешіт ауласына қалай кіргенімді де сезбей қалыппын. Мешітте уағыз айтылып жатыр екен, отырып уағыз тыңдадым. Сәлден соң намаздың уақыты кіріп жұма намазына азан айтылды. Кезегін бұзбай сүннетін, имамның құтпасын тыңдап, іле парызын жамағатпен өтедік. Соңғы сүннетті оқып жатқан едім: "Аға-а-а, Алла разы болсын, аға-а-а-а, Алла...